Батыс Қазақстан облысында ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 қазан күні күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Орал қаласында 1 қазан күні жел күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні кейде 18 м/с-ға дейін жетуі мүмкін.