Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Такси жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып мерт қылды -Ақмола облысы

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 21:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында такси жүргізушісі жаяу жүргіншіні «Лада Гранта» көлігімен қағып кетіп мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 20-шы қыркүйек күні сағат 14:45 шамасында облыстағы аудан орталықтарының бірінде болған. Тергеу амалдары кезінде анықталғандай, ауылдың 59 жастағы тұрғыны жолдан жүгіріп өтпек болған. Сол кезде, жақын келіп қалған көлік оны қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел ауруханаға алып бара жатқан кезде жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. «Лада Гранта» көлігінің жүргізушісі бұрын ҚР ҚК 293 бабының 3 бөлігі бойынша сотты болғаны және сараптама қорытындысына сай оқиға болған кезде алкогольдік ішімдік ішпегені анықталды.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде«, дейді ведомстводан.


Жоғары қарай