Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 17:48

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 18 қыркүйек күні жұмысынан шығып кетіп, оралмаған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталған. Қазір ер адам уақытша қамау изоляторында. Ол өз қылмысын мойындаған.

Еске сала кетейік, Алима Кульчикова 18 қыркүйек күні жұмысқа кетіп, үйіне оралмаған. Анасы оны іздеп, қызының жоғалғаны туралы өтініш жазған. Осыдан соң адам жоғалғаны туралы қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

19 қыркүйек күні жедел іздеу шараларын жүргізу барысында 1980 жылы туған әйелдің денесін табады. Анықтай келе, оның Алима Кульчикова екені дәлелденді.

Кешке қылмыскер өз кінәсін мойындап, түсінік берген.

«Күдіктінің айтуы бойынша, 18 қыркүйек күні, сағат 15.00 шамасында 33-шағынауданда орналасқан »Дина« супермаркетінің жанында көлігінде әйелді тұншықтырып өлтірген. Денесін біраз уақыт өткесін, жолға тастап кеткен»,-делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша іс қозғалған.


Жоғары қарай