Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

2019 жылдың 3 тамыз 2019 10:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,12 долларға қымбаттап, 61,17 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 1,71 долларға көтеріліп, бір баррелі 55,66 доллар болды.

Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Мұнай, Энергетика,
Жоғары қарай