Қазақстанда 31 шілде күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 31 шілде күні өтетін маңызды оқиғалар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары, көліктік бақылау, теміржол билеттерінің тапшылығы және автомобиль жолдарының сапасы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтеді.
Сағат 11.00-де Мәңгілік ел көшесі, 54/1 мекенжайында «Жергілікті деңгейдегі азаматтық қоғам: даму құралдары» атты дөңгелек үстел отырысы басталады.
Сағат 15.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігімен және қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп «Әлеуметтік желілерде әлеуметтік жобаларды ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Тұран» университетінде Заң және құқықтық тәртіп қоғамдық кеңесінің комиссиясы Алматы қаласы тұрғындарының құқықтық сауаттылығы бойынша жұмыс жоспарын талқылайды.