Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда мектеп мұғалімі туберкулездің ашық түрімен ауырған

2019 жылдың 10 шілде 2019 17:38

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түрімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға №47 орта мектепте тіркелді.

26 маусым күні аталған мектептің математика пәні мұғалімінің қос өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулез БК+ ауруына (ашық түрімен) шалдыққаны жөнінде басқармаға жедел хабарлама түскен. Осыған орай санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу шаралары қолға алынды. Мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

А. есімді мұғаліммен 16 қызметкер және 74 оқушының, отбасынан 3 адамның қарым-қатынас жасағаны анықталды.

Қазіргі кезде барлық мұғалімдер мен отбасы мүшелері, оқушылар тексерулер өтуде.

«Ауырған мұғалімнің өзі емделуде», - аталған басқармадан.

Жоғары қарай