Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда әктас, гипс және бояу арзандады

2019 жылдың 10 шілде 2019 15:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың маусымында құрылыстағы бағалар 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға, қаңтар-маусымда 0,1%-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Биыл маусымда өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда құрылыс-монтаждық жұмыстарға баға 0,3%-ға төмендесе, машина мен құрал-жабдықтарға 3,2%-ға артқан. Ал, басқа да жұмыстар мен шығындарға 2,7%-ға қымбаттаған. 2019 жылдың бірінші тоқсанында 2018 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда сәйкесінше 2,1%, 1,7% және 4,3%-ға жоғарылаған.

Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер мен құрылымдар бағасы 0,5%-ға қымбаттаған. Керамикалық плиткалар мен плиталар 4,5%-ға, цемент - 3,4% -ға, шағыл - 2,3%-ға, құм -1,3%, қиыршық тас бағасы - 1%-ға артты. Әктас пен гипс құны 5,9%-ға, бояулар мен эмальдар 4,2%, құрылыс ерітінділері - 2,9%-ға, лактар - 1,3%-ға арзандады.


Жоғары қарай