Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

7 шілдеде дүниеге келген сәбилерге әкім домбыра сыйлады

2019 жылдың 8 шілде 2019 02:41

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін - Ұлттық Домбыра күні Алматы облысы Панфилов ауданында дүние есігін ашқан сәбилерге домбыра сыйланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясы мақсатында биыл Ұлттық домбыра күні екінші рет аталып өтуде. Шілденің бірінші жексенбісі аталып өтетін Домбыра күнінде ауданымызда 7 шілде қарсаңында дүниеге келген үш сәбиге аудан әкімі Темірлан Бектасов Домбыра тарту етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, аудан басшысы дүние есігін ашқан сәбилерге ұзақ ғұмыр, қазақтың маңдайалды өнерпаз болуларын тіледі» делінген хабарламада.

Айта кету керек, жыл басынан бері Панфилов ауданында бүгінге дейін 1370 сәби дүниеге келсе, соның сегізі - егіз балалар.




null

Жоғары қарай