Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға жалған құжатпен 39 жүк көлігін әкелмек болғандар ұсталды

2019 жылдың 2 шілде 2019 19:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр жолы» кеден бекетінде сәйкестігін бағалау туралы жалған құжатпен немесе контрабандамен Қытайда шығарылған автомобиль құралдарын әкелу фактісі анықталды. Бұл автомобильдер ЕУРО-5 экология санатына сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу және метрология органдарының өзара іс қимылы барысында «Нұр жолы» кеден бекетінде Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті сәйкестігін бағалау туралы жалған құжатпен, сондай-ақ ЕУРО-5 экология санатына сәйкес келмейтін Қытай Халық Республикасында шығарылған 39 автомобиль құралдарын әкелу фактісінің жолын кесті", - делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 234-бабымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы көрінеу дұрыс емес декларациялаумен, оның ішінде жарамсыз, құжаттардың және көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан алдау арқылы тауарларды өткізу бөлігінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономикалық контрабанда» 234-бабының қолданысына ұшырайтын құқық бұзушылық қарастырылады.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Жоғары қарай