Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.