Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да құс фабрикасында 100-ге жуық үйрек жанып кетті

2019 жылдың 22 наурыз 2019 21:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында құс фабрикасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-дағы өрт туралы «101» телефон нөміріне күндізгі үштер шамасында хабарланған. Оқиға орнына жеткен екі өрт сөндіру бөлімінің мамандары жалынды бір сағатқа жетер-жетпес уақытта толығымен сөндірген. Нәтижесінде 2710 үйрек аман қалды.

Құтқарушылардың айтуынша, өрт тұрмыстық бөлмеден шыққан. Жалпы аумағы - 16 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша, оған электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өрт орнынан 100-ге жақын өлі үйрек табылды.

Қазір мамандар өрттің нақты неден шыққанын және келген шығын мөлшерін анықтап жатыр.




null

Жоғары қарай