Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Сығанақ қалашығы ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілмек

2018 жылдың 8 желтоқсан 2018 11:19

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағында орын тепкен Сығанақ қалашығын алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр. Қазір осы мақсатта тиісті іс-шаралар қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетерлігі, жақында «Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген еді.

«Қазіргі таңда қыпшақтар мен Қазақ хандығының ежелгі астанасы - Сығанақ қалашығында сәулет құрылыстарын қалпына келтіру және цифрлау жұмыстары жүргізілуде. Тарихи нысанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми-зерттеу орталығы зерттеу жүргізіп келеді. Ал қалпына келтіру жұмыстарымен «Қазреставрация» РМК айналысады.

"Сығанақ қалашығы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілді. Сығанақ өзге мәдени-тарихи ескерткіштер секілді мәдени-тарихи орталық және туристер жиі баратын орын болады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта Сығанақ қалашығының шығыс қақпасын 3 метрге дейін көтеріп, бұрынғы сәулеттік келбетін қайтаратын болады", - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір аумағындағы ежелгі Сығанақ, Шірік Рабат, Жанкент қалашықтары және түркі тайпаларының бұрынғы астаналарына қажетті сервистік инфрақұрылымдарды жүргізіп, соның негізінде туристік кластер құру көзделіп отыр.

Айта кеткен жөн, Сығанақ қалашығы Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасырлар), Ақ Орда (ХІІІ-ХІV ғасырлар) және Қазақ хандығының (ХV- ХVІІ ғасырлар) астанасы және Ұлы Жібек жолының сауда орталықтарының бірі болған.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында балаларға арналған археологиялық лагерь ашу жоспарланып отырғаны хабарланды. Сондай-ақ, биыл Сыр өңіріндегі Сығанақ қалашығын этонотуризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілді .

Жоғары қарай