Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Бір белдеу - бір жол» бастамасының 2021 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу ұсынылды

2018 жылдың 14 мамыр 2018 12:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2021 жылға дейінгі «Бір белдеу - бір жол» бастамасының стратегиясын әзірлеу қажет. Мұндай ұсынысты бүгін елордада өтіп жатқан «Серіктестік: кеден, салық және бизнес» халықаралық форумында ҚХР Мемлекеткік салық салу басқармасының комиссары Ван Цзюнь жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, біз негізгі үш міндетке баса назар аударуымыз қажет. Біріншісі - нақты мақсаттарымызды айқындау. Біз Жібек жолы рухын, ынтымақтастық пен өзара тиімді қарым-қатынасты жалғастыруымыз қажет. «Бір белдеу - бір жол» бастамасының ұзақмерзімді тетіктерін құру және олардың тиімділігін арттыру есебінен барынша кешенді әрі алуан түрлі салықтық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге тиіспіз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екіншіден, ағымдағы жылы ежелгі Жібек жолын дамыту жөніндегі екінші форумды ұйымдастыру қажет. Бұл ретте тек қана сауда қауымдастығының ғана емес сонымен бірге ғылыми орталардың өзара іс-қимылын жолға қойған жөн.

«Жалпы, «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 2021 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеу керек. Ол «Бір белдеу - бір жол» бастамасына кіретін салық әкімшілерінің арасындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі жолға қоюға септігін тигізеді. Біз өзара іс-қимыл тетіктерімізді стандарттауға тырысқанымыз жөн», - деді Ван Цзюнь.

Қытай комиссарының атап өтуіне қарағанда, ағымдағы жылы ҚХР салық салу саласындағы ынтымақтастықтың негізін күшейту мақсатында екіжақты 9 келісімге түзету енгізуді жоспарлап отыр.

«Үшіншіден, әлеуетті арттырып, таланттарды дамыту керек. Ағымдағы жылы біз эксперттік пулымызды күшейту мақсатында сәйкесінше мемлекеттерде салық офицерлерімізді іс-сапарға жіберуді жалғастырамыз. Салық салу саласындағы әлеуетті арттыру жөніндегі 6 тренинг немесе оқыту іс-шарасын өткізу жоспарымызда бар», - деді ол.

Жоғары қарай