Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аршалы маңында қарға тұрып қалған қаламаңы автобусындағылар құтқарылды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аршалы маңында қарға батып қалған маршруттық автобус жолаушылары көмекке келген жолшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан - Теміртау» автожолында, атап айтқанда, Аршалы ауылының маңында ауа райының бұзылуына байланысты нөмір 315 маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, үйілген қарға батып қалған. Шақыруға дереу жеткен жолшылар автобусты қар құрсауынан шығарып, жолаушыларды жылыту пунктіне жеткізді», делінген хабарламада.

Қаламаңына қатынайтын автобустағы әйелдің айтуынша, қоғамдық көлік жолдан тайып шығып кетіп, қалың қар құрсауында қалған. Көмекке келген «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері техника күшімен және қолына күрек алып қоғамдық көлікті қардан аршып, шығарып алған.


Жоғары қарай