Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аршалы ауданында су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіліп жатыр

2021 жылдың 16 сәуір 2021 17:13

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында Жібек жолы кентінің айналасына топырақтан тұрғызылған екі шақырымдық бөгетті нығайту жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл жұмыстарға азаматтық қорғаныс полкінің 52859 әскери бөлімі мен Ақмола облысы ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардан 12 адам және 3 эскаватор жұмылдырылған. Сондай-ақ, бес тұрғын үйдің аула аумағында төрт мотопомпамен су сорғызу жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта жағдай толығымен бақылауда. Ағын су штаттық режимде ағызылуда. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар өткен тәулікте Аршалы ауданында 700 текше метр су сорды, 6 550 қап инертті материалға толтырылып, құм салынған 3 200 қап төселді», - деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, кеше Аршалы ауданына су тасқынымен күресу үшін Ақмола облысы ТЖД қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ, Қарағанды облысының әскери бөлім қызметкерлері жіберілді.








Жоғары қарай