Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«АрселорМиттал» жұмысында бірқатар заңбұзушылық анықталды

2021 жылдың 19 қараша 2021 16:24

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық Экология департаменті 27 қазанынан 11 қарашасына дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Конвертер цехын тексерді, деп хабарлайы ҚазАқпарат.

Тексеру барысында департамент бірқатар бұзушылық анықтады.

Конвертер цехының жұмысында екінші реттік газ тазалаудың қалдық газдарын аулаудың тиімсіздігі анықталды. Сонымен қатар, Конвертерлік цехтың араластыру тексеру кезінде шойынды араластырғыш шөміштеріне құю кезінде аспирациялық жүйелерде пайда болатын газдарды ұстау кезіндегі кемшіліктерді көзбен көрді. Түтін газының барлық көлемі шатыр терезелері мен фрамугалар арқылы атмосфералық ауаға түседі. Жоғарыда баяндалған жағдайлар 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 ҚР Экологиялық кодексінің 207-бабын бұзуға алып келді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ анықталған бұзушылықтармен келіспеуіне байланысты, сондай-ақ лауазымды тұлғаларға тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарды беруден бас тартқаны үшін Департамент бұл кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК 331-бабының 1-тармағы және ҚР ӘҚБтК 462-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасады.

Барлық әкімшілік материалдар Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотына жолданды.


Басты сөздер: Қарағанды облысы, Экология,
Жоғары қарай