Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Арнайы экономикалық аймақтар бюджетке 170,2 млрд теңге түсірді

2022 жылдың 19 мамыр 2022 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арнайы экономикалық аймақтар аумағында 711 салық төлеуші қамтылған. Бұл туралы Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында барлығы 13 Арнайы экономикалық аймақ тіркелген. Олардың мақсаты - өңірлер мен экономиканың жекелеген салаларын жедел дамыту. АЭА қатысушылары арасында 711 салық төлеуші қамтылған. Олар әрбір АЭА үшін белгіленген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде заңнамада көзделген салық пен кедендік преференциялар түрінде басым құқық алады», - деді М.Сұлтанғазиев дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық жеңілдіктері 128 млрд теңгені, кедендік баждар мен импорттағы ҚҚС бойынша 2019-2021 жылдары 244 млрд теңге сомасында жеңілдіктер жасалды.

«2020-2021 жылдары салық төлемдері тұрғысында бюджетке түсімдер 170,2 млрд теңгені құрады. Салық және кеден заңнамасына сәйкес, тиісті әкімшілендіру салық төлеушілердің барлық санаттары бойынша, оның ішінде АЭА қатысушыларына қатысты жүргізіледі», - деді вице-министр.


Жоғары қарай