Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Армия авиациясының ұшқыштары оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады

2020 жылдың 1 қараша 2020 04:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкент гарнизонының әскери ұшқыштары 15-30 метр шағын биіктік шегінде күрделі бедерлі таулы жерлерде оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осындай жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік даярлығын қолдап, армия авиацияларында ұшуды басқару, әуе навигациялары мен жауынгерлік қолдану техникаларының дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Бұл жаттығуларды орындар алдында ұшқыштармен таулы жерлерді бағдарлау, жердегі іс-қимылды пысықтау және оларды автоматтандыруға келтіру жөнінде сабақтар өткізіледі. Таулы жерлерде ұшақты басқарудың негізгі ерекшелігі – шығарылған ауа. Аталған оқу-жаттықтыру ұшулары барысында барынша көп санда экипаждар мен тікұшақтар қатысты.


Ұшқыштар алғаш рет МИ-35М тікұшағында ұшуды басқару дағдыларын меңгеріп, машықтарын бекітті. Олар тау бөктерін айналып шығып, шатқалдардан өту техникасы мен 2500 метр биіктікте асуларды бағындыру, биік тау аймақтарында ұшу және қону техникаларын пысықтады, осылайша ұшуларды жауынгерлік қолданыста орындап шықты.

«Ұшу құрамы әрдайым, кез-келген ауа-райында, күндіз-түні жауынгерлік даярлықта болуы тиіс. Ұшқыш жерлердің әр қыртысын біліп, шатқалдар мен өзен арналарында жасырынуға, қажет кезінде орман шетінде бүркемеленіп, сонымен қатар жеке немесе топта қажетті жауынгерлік операцияларды орындай білуі қажет», - деді армия авиациясының ұшқыш-нұсқаушысы подполковник Бауыржан Сағындықов.


Ұшулар шағын биіктіктер шегінде кенеттен берілген соққылар үшін армия авиациясын барынша тиімді қолдануға, шабуылдан кетуге және қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін байқауға мүмкіндік береді. Осындай жаттығуларды орындауға 50-ден 100 метрге дейін шағын биіктіктерде ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар жіберіледі.


Басты сөздер: Шымкент, Әскер, Медицина,
Жоғары қарай