Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияның премьер-министрі отставкаға кетті

2021 жылдың 25 сәуір 2021 16:23

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян отставкаға кетті. Бұл туралы ол жексенбі күні халыққа үндеуінде мәлімдеді. Армения министрлер кабинеті басшысының отставкасы техникалық сипатқа ие және ағымдағы жылдың 20 маусымында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жексенбі, 25 сәуір күні Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ұлтқа үндеуін жариялады. Өз сөзінде ол отставкаға биылғы жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізу үшін кетіп жатқанын мәлімдеген.

«Конституциялық ережелер мен Парламенттің таратылуын іске асыру үшін мен бүгін отставкаға кетемін», - деді Никол Пашинян. Сондай-ақ ол сайлау өткізілгенге дейін премьер-министрдің міндеттерін толық көлемде атқаратуды жалғастыратынын айтты.

Еске сала кетсек, Арменияда Таулы Қарабақта әскери қимылдарды тоқтату туралы үшжақты өтінішке қол қойылған соң күрделі ішкі саяси жағдай орын алған. Оппозиция көшеге шығып, премьер-министрден өз қызметін босатуды талап етті. Ел президентімен өткізілген кеңестерден кейін парламенттік фракциялар 2021 жылдың 20 маусымында кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге келісті.


Басты сөздер: Армения,
Жоғары қарай