Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Армениядан автокөліктер сатып алмақ болған қазақстандық алаяқтарға алданып қалған

2021 жылдың 11 қазан 2021 20:53

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армениядағы автокөлік сатушысы Қазақстан азаматынан төлем алып, мәміле шарттарын орындамаған және алынған соманы иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Армения Республикасы полициясының хабарламасына сілтеме жасап.

Армения Республикасы полициясының хабарлауынша, Ереван қаласы Эребуни ауданы полиция бөлімшесінің қылмыстық іздестіру қызметкерлері 28 қыркүйекте ер адамның Қазақстан азаматына 6 автокөлікті одан әрі Қазақстанға тасымалдау шартымен сатқаны туралы, ол үшін 72 200 доллар сомасында төлем алғаны туралы жедел деректер алған. Ер адам келісімдерді орындамаған, оысымен қоймай ақшаны ұрлап алған. Жедел-іздестіру шараларының арқасында ер адамның кім екені анықталған.

«26 жастағы жас жігіт көліктерді туысының атына тіркеген. Кейбір автомобильдер қазірдің өзінде сатылып кеткен, ал қалғандары Нубарашендегі (Ереванның әкімшілік ауданы) автотұраққа жасырылған. Жәбірленуші арыз берген, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Эребуни аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен қоғамдық полиция қызметкерлерінің бірлескен іс-шараларының арқасында 7 қазанда 26 жастағы жігіт ұсталып, Эребуни аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде полиция бөлімшесіне жас жігіттің туысы да келді. Екеуі де алдын ала тергеу органына тапсырылды және ұсталды. Ұрланған соманы анықтау бойынша шаралар қолданылуда, тергеу жүргізілуде», - делінген Армения Республикасы полициясының хабарламасында.


Басты сөздер: Әлем, Қылмыспен күрес, Көлік,
Жоғары қарай