Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияда вакцина егілетіндердің жас санаты анықталды

2021 жылдың 12 сәуір 2021 17:41

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияның Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі бойынша Astra Zeneca препаратымен 55 жастан асқандар егіледі. 18-54 жас аралығындағы азаматтар «Спутник V» екпесін алмақ. Бұл туралы Арменияның Денсаулық сақтау министрі Анаит Аванесян айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Арменияның Денсаулық сақтау министрлігі жақын арада халықты вакциналауды бастайды. Процесс алдында министрлік егуге препарат таңдауда арнайы жас санаттарын белгілеп алды. Ведомство шешімі бойынша, Astra Zeneca вакцинасы 55 жастан жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдарға егілмек.

Astra Zeneca вакцинасын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жас шектеуі қойылған. Барлық кәсіби құрылымдар кеңестерін зерделей отырып, Astra Zeneca вакцинасына жас шектеуін қою туралы шешім қабылданды. Бұл препаратпен 55 жастан асқандар ғана егілмек», - деп мәлімдеді А. Аванесян.

А. Аванесянның айтуы бойынша, «Спутник V» вакцинасы партиясының шектеулі екеніне орай, оны пайдалануда да арнайы азаматтар тобы белгіленген: 18-54 жас аралығындағы медициналық қызметкерлер, 54 жасқа дейінгі созылмалы ауруы бар адамдар, 55 жасқа дейінгі әлеуметтік қарау орталықтарының тұрғындары мен қызметкерлері.

«Медициналық қызметкерлердің нақты, түсінікті критерий болуы шарт. Кімді вакциналау жөнінде түсініспеушілік болмауы керек. Біз бұндай саясатты барынша көп адамды вакциналау мақсатында қабылдадық. «Спутник V» вакцинасының жаңа партиясы келген кезде аталмыш критерийлер қайта қаралуы мүмкін», - деп түсіндірді шешімді министр.

Арменияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліментінше, қазіргі кезде вакцина алуға 600-ден аса адам кезекке тұрған. Ведомство 700 мыңға жуық адамды вакциналауды көздеп отыр. Ол Ереванда 13 сәуірден басталмақ, 14 сәуірден бастап өңірлер қосылады. Қазіргі кезде бар препараттарды вакциналау орталықтарына таратылып жатыр.

COVID-19-ға қарсы вакциналау Арменияда ерікті түрде жүргізіледі. Бұдан бұрын Арменияда «Спутник V» вакцинасының сынама партиясынан қауіп-қатер тобындағы 600 адам екпе алған. 28 сәуірде Арменияға Astra Zenec» вакцинасының алғашқы партиясы (24 мың доза), 8 сәуір күні «Спутник V» вакцинасының алғашқы ірі партиясы (15 мың доза) жеткізілген. Азаматтарды вакциналауда басымдық қауіп-қатер тобындағы адамдарға беріледі: 65 жастан асқандар, 16-64 жас аралығындағы созылмалы ауруы барлар, егде жастағы адамдарға қарау орталықтарының тұрғындары мен қызметкерлері.


Жоғары қарай