Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияда парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

2021 жылдың 21 маусым 2021 19:32

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян елдегі кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Комиссия деректеріне сай, Никол Пашинянның «Гражданский договор» партиясы 53,92% дауыс жинап, жеңіске жетіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Арменияның экс-президенті Роберт Кочарянның «Айастан» («Армения») блогы 21,04% дауыс жинап, екінші орынға жайғасты. Елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Артур Ванецянның блогы «Честь имею» 5,23% дауыспен үшінші орында.

«Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, «Гражданский договор» партиясы жаңадан сайланатын парламентте конституциялық көпшілік болмақ (105-тен 71 депутаттан кем емес) және менің басшылығыммен жаңа үкімет құрады», - деп жазды Twitter-де Армения Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян.

Еске сала кетейік, 20 маусым күні Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Оған 25 саяси күш қатысты. Олардың 21-і партия, қалған төртеуі – блоктар.


Басты сөздер: Әлем, Сайлау, Армения,
Жоғары қарай