Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Армения Әзербайжанға Агдам ауданындағы миналар туралы картаны ұсынды

2021 жылдың 13 маусым 2021 01:01

БАКУ. АЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат – 2021 жылдың 21 маусымы күні Грузия өкілдерінің қатысуымен әзербайжан-грузин шекарасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Армения әзербайжан тарапына Агдам ауданында танкіге және жаяу әскерге қарсы 97 мың минаның орналасқан жері көрсетілген картаны берді. Оның орнына ұсталған 15 армян босатылуы тиіс. ҚазАқпарат бұл туралы АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, миналар орналасқан картаға қол жеткізу мыңдаған адамның, соның ішінде миналарды залалсыздандырумен айналысатын саперлердің өмірін сақтап қалады. Сондай-ақ қалпына келтіру және реконструкция бойынша жобалардың іске асырылуын, шарасыздан қоныс аударғандарды туған өлкелеріне қайтару процесін жылдамдатады.


Басты сөздер: Әлем, Әзербайжан, Армения,
Жоғары қарай