Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Армен Саркисян: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

2020 жылдың 5 шілде 2020 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Армения Президенті Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, Қазақстан халқының игілігі жолында әрі қарай да белсене және жан-жақты қызмет атқара беруін тіледі.

Армен Саркисян тарихтың ең қиын әрі шешуші кезеңінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуы тағдыршешті маңызға ие екенін атап өтті.

Елбасы Армения Президентіне жылы лебізі үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения тарапы бастамашы болды.


Жоғары қарай