Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болды

2021 жылдың 16 маусым 2021 10:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңға сәйкес, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды.

«Ұсынылған кандидат білікті заңгер, осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатыр. Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот–құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, - деді Н. Нығмутлин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген депутат Қанат Мусиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.


Жоғары қарай