Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арман Қашқынбеков: «Болашақ» түлектерін мемқызметке көбірек тарту керек

2020 жылдың 22 қазан 2020 14:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арман Қашқынбеков «Болашақ» бағдарламасының түлектерін мемлекеттік қызметке, квазимемлекеттік секторларға, ұлттық компанияларға көбірек тартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің өзім «Болашақ» бағдарламасының түлегімін. Осы ретте өз ұсынысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Жалпы «Болашақ» бағдарламасына 27 жыл толды. Бағдарлама – елдің бюджеттік карточкасы әрі тәуелсіздік жылдары ішіндегі ерекше серпінді жобалардың бірі болып саналады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік түлектерді елдің стратегиялық және тактикалық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметке, квазимемлекеттік секторларға, ұлттық компанияларға көбірек тартуды ұсынамын», - деді ол Ұлттық кеңестің төртінші отырысында.

Арман Қашқынбековтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс елдің тұрақты дамуына серпін береді.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау мәселелері қаралды.


Жоғары қарай