Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арқалықта этанолдан уланған 11 адам көз жұмды

2020 жылдың 4 шілде 2020 13:52

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», делінген полицияның ақпараттық хабарламасында.

Мамандар қылмыстық істің барысын бақылауға алды.


Жоғары қарай