Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арқалықта 14 адамнан зәбір көрген қыз жүкті болып қалған

2018 жылдың 15 мамыр 2018 21:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық ішкі істер департаменті Арқалық қаласындағы қыз зорлау фактісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс материалдарына сүйенсек, жақында Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын айтып, белгілі адвокат Айман Омароваға хат жазған. Жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткендердің барлығы да бостандықта жүргенін айтып, заңгерден көмек сұрайды.

Аталған факт бойынша Қостанайлық полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Екідің ауылындағы 22 жастағы қызды зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Қылмыстық іс бойынша жедел-із кесу тобы құрылды. Тәжірибелі мамандар кешенді шаралар ұйымдастырады. Бұл іс облыстық ІІД айрықша бақылауына алынды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, 14 адамнан зәбір көрдім деген қыздың қазір аяғы ауыр. Ол 2018 жылы 19 сәуірде Арқалық қаласының ішкі істер бөліміне арыз жазған.

Жоғары қарай