Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 15:43

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бұрын Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виктор Николаевич Ионенко - Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің лауазымына тағайындалады.





Атқарылатын лауазымда Виктор Ионенко көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының, «жасыл экономиканы» дамыту, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне басшылық етеді.

Еңбек жолы:

07.1992

08.1993

с/з Николаевский кеңшарының машина-трактор паркін пайдалану инженері

08.1993

06.1994

АГ «Монтажник» прорабы

06.1994

01.1996

«Монтажник» фирмасының директоры

07.1996

11.1997

«Кустанайсельхозстроймонтаж» АҚ Таран филиалының бастығы

11.1997

10.1999

ЭЛСП режимі бойынша инженер

10.1999

10.1999

техқадағалаудың бас маманы

10.1999

06.2000

Таран аудандық мәслихатының хатшысы

08.2000

07.2001

Таран АЭЖ директорының орынбасары

08.2001

06.2002

Костанайэнерго БАҚ Таран АЭЖ директоры

07.2002

04.2004

«КЭСК» МКК Таран АЭЖ директоры

05.2004

08.2009

«Костанайэнергоорталығы» ЖШС Таран АЭЖ бастығы

08.2009

10.2010

ЖШС «ЭПК-forfait» Қостанай Горэлектржелісінің бастығы

10.2010

06.2013

Қостанай облысы Денисовка ауданының әкімі

08.2013

10.2013

«АиФ» ЖШС директоры Қостанай қаласы

11.2013

02.2015

«Костанайстройтехнологии» ЖШС директоры

02.2015

04.2017

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының әкімі

05.2017

09.2020

Қостанай облысы, Қарасу ауданының әкімі


Фото: Бердіболат Көркембаев


Жоғары қарай