Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Архимед Мұхамбетов: Облыста азық-түлік тапшылығы жоқ

2020 жылдың 15 наурыз 2020 20:25

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бұгін Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Аймақ басшысы бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы ұн шығаратын «Асалия» серіктестігіне барып, жұмыс барысымен танысты. Аталмыш кәсіпорында астықты өңдеудің өндірістік қуаты тәулігіне 600 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 4.5 мың тонна астық қоры бар. Архимед Мұхамбетов ұн шикізатын белсенді сатып алуға және қажетті қорларды сақтауға шақырды.

«Апельсин», «Солнечный» және «Rauzet» гипермаркеттерінде болдым. Сауда сөрелерін қарап, тауарлардың бағасын тексердім. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тапшылығы жоқ. Бұдан әрі, 59 дәріханаға барып, ол жерде дәріхана басшыларымен кездесу өткіздім. Апта соңында облыста медициналық маскалар түсімі болады. Сонымен қатар, дәріхана директорларына бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмек қоры болуын ұсындым», - деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Архимед Мұхамбетов «Большевичка» өндірістік кооперативінің тігін өндірісіне барып, бірқатар тапсырма берді. Тігін фабрикасы 10 мыңға дейін медициналық маскалар тігуге қауқарлы. Маскалар дәріханалық желілер арқылы халыққа жетеді. Бұған қоса емдеу мекемелеріне қажетті қорғаныс медициналық костюмдерін тігуге сұраныс түскен. Фабрика басшылығы 4 мың медициналық костюмді 1 апта ішінде тігуге дайын екенін жеткізді.


Жоғары қарай