Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Архимед Мұхамбетов блокпосттардың түнгі жұмысымен танысты

2020 жылдың 4 сәуір 2020 01:51

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов қала маңындағы блокпосттардың түнгі жұмысымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облым әкімі Рудный тас жолы, Қонай кентінің маңындағы және Федоров тас жолына шығатын санитарлық бекеттерді аралады. Блокпосттардың жұмысымен және қызметкерлердің түнгі ауысымдағы жұмыс жағдайларымен танысты.




«Қостанай қаласында 2 сәуірден бастап 7 санитарлық пост жұмыс істейді, онда бір ауысымда 4 полиция қызметкері мен 2 медицина қызметкері кезекшілік атқарады.

Қызметкерлер төрт мезгіл тамақпен қамтылған.

Блокпосттар арнайы құрылғылармен, іргелі блоктармен, жарықтандыру құралдарымен, көше жарығымен, бейне бақылау жүйесімен жабдықталған»,- деп жазды аймақ әкімі.




Блокпост қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Полиция қызметкерлері облыстық орталық арқылы өтетін автомобиль трафигін тіркеумен айналысса, дәрігерлер адамдардың температурасын өлшейді және сауалнама мәліметтерін жинайды.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуді тапсырды.


Жоғары қарай