Британия кинотеатрлары TikTok-тағы жаңа трендпен күресіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британия кинотеатрлары «Миньоны: Грювитация» фильмін көруге жиналған фанаттардың іс-әрекеттерімен күресіп әлек. Бұған TikTok және ондағы #gentleminions хештегімен шыққан жаңа тренд себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

«Атамекен»: астанадағы аспан асты кешеніне саяхат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде еліміздің тарихи-мәдени нысандары мен көрнекі жерлерінің макеті ұсынылған. Онда келушілер Бекет ата мешіті, Байқоңыр ғарыш айлағы, Медеу мұзайдыны, Айша бибі мавзолейі сияқты айтулы нысандардың кішірейтілген үлгісін тамашалай алады. Аталған кешен бүгінде туристердің сүйікті мекеніне айналды. Елорда күніне орай, ҚазАқпарат тілшісі аспан астындағы музейдің жұмысымен танысқан еді.

Халықаралық есірткі айналымын ұйымдастырушылар ұсталды - ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның күш құрылымдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне бағытталған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық синдикаттың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана архитектурасы: масондар мистикасы, мифтік және саяси астар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы күнге дейін елорданың сәулеті туралы мақала аз жазылған жоқ. Орынды-орынсыз мадақ та, сын да көп айтылды. Мұндағы елеулі деген ғимараттың бәрі тамырын көне аңыздан, ауыздан-ауызға тарап жеткен мыңжылдық аңсар-армандардан бастау алып жатыр. ҚазАқпарат тілшісі астана күніне орай мәдениеттанушы, жазушы Зира Наурызбаевадан қала архитектурасындағы мифтік сарындардың қаншалықты үйлесім тауып тұрғанын сұрап көрді.

Каспий құбыр консорциумы жұмысының тоқтауына байланысты шаралар қабылданады - Үкімет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алдағы уақытта астанада қандай нысандар салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі Елорда күні мерекесіне орай ҚазАқпарат оқырман назарына еліміздің бас шаһары туралы қызықты деректер ұсынады. Сондай-ақ, жауапты сала өкілдерінен алдағы уақытта Нұр-Сұлтанда бой көтеретін нысандардың бет-бейнесі мен салынатын орындары туралы да біліп көрдік.

Тек бюджетке қарап отыруға болмайды – Алтай Көлгінов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қала күніне қандай жетістіктермен жетті? Қандай жаңа нысандарды пайдалануға беру жоспарланған? Тұрғындардың тыныс-тіршілігін жайлы ету үшін нендей жағдай жасалып, құлағалы тұрған ескі үйлер қашан сүріледі? Қай көшелерді жөндеу жоспарланып отыр? Жалпы, қала тұрғындары үшін осы мерекеде қандай тосынсый болмақ? ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген қала әкімі Алтай Көлгінов осы сауалдарға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар қатары 9,5 млн асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 528 076, ал ІІ компонентін 9 312 498 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссияға сілтеме жасап.

eGov мобильдік қосымшасындағы отбасы туралы мәліметтерді түзетуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – eGov мобильдік қосымшасында құжаттардағы мәліметтерді түзетуге болады. Жаңа қызмет туу, некеге тұру және бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту (өзі үшін), қайтыс болу туралы деректерді түзетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстаннан Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты ұлғаймақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды. Тиісті келісімге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство сайтына сілтеме жасап.

Астана тарихы: 24 жыл хронологиясы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың құрылғанына 24 жыл толып отыр. Ширек ғасырға жуық уақытта бұл қала тәуелсіздіктің символына айналып үлгерді. Қазіргі таңда елордамыз заманауи мегаполиске, мемлекет пен қоғамның барлық саласына елеулі әсер ететін орталыққа ғана емес, әлемдік деңгейдегі маңызды басқосулардың алаңына айналды. Бейбітшілік қаласы атанған бас қаламыз талай бейбіт келісімдердің бастамашысы болды. Мерекеге орай елорданың дамуына қатысты бірқатар маңызды хронологиялық датаға тоқталуды жөн санап отырмыз. Ширек ғасырға жуық уақытта елордада қандай өзекті мәселелер талқыланып, қандай әлемдік деңгейдегі шаралар ұйымдастырылғаны жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.
Коронавирустың тарауына байланысты көлік құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының тарауына байланысты Ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 1 шілдедегі шешіміне сәйкес, санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің биылғы 8 шілдесінен бастап күшіне енетін «Көлік объектілерінде коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы қабылданды.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3 еседен астам өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-сұлтанда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция миннистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай