
Қажет болған жағдайда қайтадан карантин енгізуге дайын болу керек - ДДСҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус бүкіл мемлекеттерді халықтың кем дегенде 70%-ын коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда санитариялық шектеулерді қайта енгізуге дайын болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында 777 учаске референдумге толығымен дайын
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу үшін 777 учаске дайындалды. Олар барлық қажетті заттармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда зиялы қауым өкілдері Ілиястың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда өңір басшылары мен зиялы қауым өкілдері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еске алу жиынына ақынның немере қарындасы Нұрпан Жансүгірова да келіп, есте қалған сәттерімен бөлісті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық реформа саяси бәсекені дамытуға жол ашады – Мәулен Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан облысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында конституциялық реформаның мәні мен маңызы кеңінен сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теннистен әлемдік рейтингіде алғашқы ондыққа кіргім келеді – Андрей Голубев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Топырақ төсенішіндегі жарыстардан кейін Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Андрей Голубев елордаға оралды. Алдағы турнирлерге дайындалатын теннисші биылғы бірінші жартыжылдықты қорытындылап, болашақ ой-жоспарлары жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

2023 жылы Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істейтін туристік агенттерді тексере бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін берді. Жыл санап түрлі қызмет ұсынатын туристік компаниялардың саны артып келеді. Сондай-ақ, ішкі нарықта демалыс және мереке күндері еліміздің көрікті жерлеріне арнайы саяхат ұйымдастыратын туристік операторлар да бар.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ел Экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада бес ай ішінде 20 бала биіктен құлаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада балалардың жоғарыдан құлауы бойынша 20 факті тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық №2 көпбейінді балалар ауруханасының хирургия қызметінің жетекшісі Ринат Байгереев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада капсуланың көмегімен асқазан-ішек жолдарына диагностика жүргізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет капсуланың көмегімен баланың асқазан-ішек жолдарына диагностикасы жасалды. Бұл туралы аталған аурухананың хирургия қызметінің жетекшісі Ринат Байгереев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада МӘМС аясында балаларға жасалатын ем, отаның 95%-ы тегін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілетін ем және отаның 95 пайызы тегін. Бұл туралы аталған мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Медет Нұғманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталған мереке жыл сайын ел көлемінде аталып өтеді. Осы орайда ҚазАқпарат бүлдіршіндердің мерекесіне орай елордада өтетін мәдени-ағарту және спорттық іс-шаралардың жоспарын ұсынады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бүкіл рәсімі онлайн форматқа ауыстырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекет – жекеменшік әріптестігінің рәсімдері цифрландырырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдум жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды қадам болды - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Бұл туралы әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Зарема Шаукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұйғыр ауданының халқымен кездесіп, тұрғындардың сауалына жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай