
Мәскеуде екі мыңға жуық адам заңсыз акцияға қатысты: 150-ге жуығы ұсталды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – 31 қаңтарда Мәскеу орталығында рұқсат етілмеген акцияға 2 мыңға жуық адам қатысты, оның ішінде БАҚ өкілдері де бар. Бұл туралы журналистерге Ресей ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы «жасыл» аймақта: Карантин шаралары жеңілдейді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысты. Сәйкесінше 1 ақпанда карантин шаралары күшейтілмейтін болды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: Қазақстан топ-15 қатарына енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 қаңтарда Польшада биатлоннан Еуропа ашық чемпионаты аясында сингл-микс бойынша бәсекелер өтті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасы 15-ші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 млн дозасы салынды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда 31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 миллионнан астам дозасы салынды. Бұл туралы жексенбіде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің COVID-19 алдын алу және бақылау саласындағы бірлескен тетігі аясында өткен брифингте вирустық ауруларды бақылау және алдын алу институтының директоры Сюй Вэньбо мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мессидің «Барселонамен» келісімшарт бойынша табысы - 500 млн-нан астам еуро
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аргентина футболшысы Лионель Месси Испанияның «Барселона» компаниясымен ағымдағы келісімшарт бойынша табатын табысы 500 млн-нан астам еуроны құрап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат El Mundo газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде күнбағыс майын делдалсыз сатудан бас тартқан компанияның жұмысы тексеріліп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде күнбағыс майын шығаратын компания өнімін зауыттан дүкенге жеткізуден бас тартты. Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясы кезінде жүрекпен қатар өкпенің қадірін түсіндік – дәрігер
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік хирург Ерлан Ильясов өкпесі қабынып, тыныс алуы нашарлаған науқастарға ота жасады. Ол білікті маман болу үшін тәлімгерлердің маңызы зор деп есептейді. Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Ерлан Нұрдәулетұлы ҚазАқпарат тілшісіне індет өршіген кездегі қарбалас жұмыс пен өкпені сақтау жолын айтып берді.

Англияда мигранттарға арналған орталықта бүлік шығып, нысандар өртенді
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Англияның Кент графтығында заңсыз мигранттарды орналастыру орталығын өртеді деген күдікке ілінген бес адам ұсталды. Лагерьдің тұрғындары әуелі асхананың астан-кестенін шығарып, одан кейін ғимараттардың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай