
Датчик тағылған Қазақстандағы жалғыз аналық қасқыр Науырзым қорығын мекендейді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Спутниктік датчик тағылған Қазақстандағы жалғыз аналық қасқырдың жүрген жерін осы айда «Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының» (ҚБСҚ) және Науырзым қорығының мамандары көріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚБСҚ-ның Facebook-парақшасына сілтеме жасап.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес: Алматыдағы келіссөздер қалай өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Оның барысында сауда ынтымақтастығы, кедергілерді жою, ұлттық ақпараттық жүйелер интеграциясы және басқа да бірқатар салаларда маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министр Асқар Мамин бастап барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруда 3 млрд теңге үнемделді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық жобаларды іске асыру және Мемлекеттік қызметтерді электрондық және проактивті форматқа көшіру арқылы бюджет қаражатын 3,03 млрд теңге үнемдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру семинары өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында баспасөз хатшыларының біліктілігін көтеру мақсатында «БАҚ және әлеуметтік желі: Субъективтік шеңбердегі моральдық-этикалық ұстанымдар» атты семинар-тренинг өтті. Аудан, қала мен басқармалардың оң имиджін қалыптастыруға арналған семинарда ашық ой-пікірлер айтылып, басқосу еркін форматтағы сұхбат алаңына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысындағы еріктілер алғашқы еңбекақысын алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында еріктілер «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы аясында өз еңбегі үшін төлем ала бастады. Алғашқы бастамашылар қатарында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО-да құтқарушылар су тасқынына әзірлік жайын пысықтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің су тасқынына әзірлігін байқау мақсатында апаттық-құтқару бөлімдерінің күші мен құралының дайындық көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан фермерлер одағы тірі мал экспортына тыйым салуға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрімен өткен кездесуде «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тірі малдың экспортына тыйым салу мерзімін 6 ай емес 60 айға дейін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус: Қазақстан шекара бекеттері мен әуежайларда бақылауды күшейтпек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі Қытаймен бірге басқа елдермен мемлекеттік шекарадағы бекеттерде де санитарлық бақылауды күшейтпек. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

АҚШ инвесторлары Арыста өнім егіп, мал шаруашылығын дамытпақ
АРЫС. ҚазАқпарат - Сахараны гүлдендіріп, түрлендірген АҚШ инвесторларының Арысқа назары ауды. Олар Арыста жаңбырлатып суару әдісімен өнім егіп, мал шаруашылығы саласын дамытпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат обылс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейде коронавирус жұқтыруға қатысты алғашқы екі оқиға анықталды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей аумағында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды. Екеуі де қытайлық. Бұл туралы РФ вице-премьері, Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі штаб төрайымы Татьяна Голикова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетов: Мектептегі критериалды бағалау жүйесіне өзгеріс енгізуге дайынбыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің орта мектептеріндегі критериалды бағалау жүйесі сол күйінше қалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті органдар апатты мектептер туралы мәліметті бізден жасырады - Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдар апатты мектептерге қатысты мәліметті дұрыс бермейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пилоттық жоба аясында кооперативтерге 200-ге жуық техника берілді – Жамбыл облысы
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында алынған ауыл шаруашылық техникаларын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, пилоттық он бір округте құрылған кооперативтерге 192 техниканы табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асқар Мамин ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысып, олардың барысында ЕАЭО кеңістігіндегі экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерін шешу бойынша бірқатар бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-ға Ресейден өте көп қасқыр келе жатқаны жөнінде видео жалған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет БҚО-ға Ресейден өте көп қасқыр келе жатқаны жайлы тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалым Мұтанов Түркияның мемлекеттік жоғары наградасына ие болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов ғалым ретіндегі көрнекті еңбегі мен ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Түркия Республикасының мемлекеттік жоғары наградасына лайықты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚазҰУ ректоры БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті. Бұл жөнінде университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Биыл мектептерді жылы дәретханамен толық қамтамасыз етуіміз керек - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл еліміздегі барлық мектеп бейнебақылаумен және жылы дәретханамен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақсы жұмыс істеп тұрған балабақшаны жекеменшікке беру дұрыс емес - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жақсы жұмыс істеп тұрған мемлекеттік балабақшаны жекеменшікке беру дұрыс емес. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Асхат Аймағамбетов балабақшалардың жабылып жатқанына алаңдаушылық танытты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде жекеменшік балабақшалардың сатылып, басқа нысанға айналдырылуы алаңдатарлық жайт. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалым Намазалы Омашұлының 70 жасқа толуына орай елордада ғылыми конференция өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де көрнекті ғалым Намазалы Омашұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Еліміздің медиакеңістігі: ізденістер мен жобалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі университеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елімізде жаңа ғылыми мектептер қалыптасады – БҒМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда ғылыми жұмыстардың 56%-ын жоғары оқу орындары жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚР БҒМ алқа отырысы шеңберіндегі «Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері» секциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай