
Қоғам қайраткері Наталья Тукалевская «Құрмет» орденімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасының Диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры Наталья Тукалевскаяға «Құрмет» орденін табыстады.

Отандық көлік операторларының үлесін арттыруға арналған құжат қабылданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек - Мәулен Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент белгілеп берген міндеттердің маңызына назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн. 70,3 мың этникалық қазақ келді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық инфрақұрылымды дамыту мақсатында Түркістан облысында 78,5 млрд. теңгеге 7 жаңа нысан салынып жатыр. Өңірдегі 8 емдеу нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Оның 6-ы пайдалануға берілді. Бұл жайлы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жансақтау бөлімінен шыға сала науқастарды емдеуге кірістім – ақтөбелік дәрігер Ерлан Тәтімов
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов коронавирус пневмониясынан емдеу, сақтану жолдары мен оңалту жұмыстары туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 57 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 088 адам короновирус инфекциясынан (13 445 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Джо Байден АҚШ-та пандемиямен күрестің жаңа ережесін енгізбек
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы елде 15,7 миллионнан астам коронавирус вакцинасы жасалып, вакцинаның 31 миллионнан астам дозасы вакцинация пункттеріне жеткізілгенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Қазыбек би ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылар палатасымен және полиция басқармасымен бірлесіп, алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты рейдтік іс-шаралар бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының қоймасынан қажетті дәрі-дәрмектер табылмады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы және қоғамдық ұйым өкілдері дәрі-дәрмек қорына арнайы мониторинг жүргізді. Қоймада әлі де тізімдегі 8 дәрі-дәрмек жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Америка вице-президенті лауазымына алғаш рет әйел адам келді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының 46-ыншы Президентін ұлықтау рәсімінде елдің вице-президенті Камала Харрис те ел халқы алдында ант берді. ҚазАқпарат бұл туралы «Голос Америки» Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың жаңа Президенті: Бұл – ұлы мемлекет және біз – жақсы адамдармыз
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Жарты ғасырға жуық уақыт АҚШ-тың саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі болған демократ Джо Байден, Американың 46-ыншы Президенті ретінде лауазымына ресми кірісті. 78 жастағы Д.Байден елдің ең қарт басшысы болып отыр. Ол бұған дейін 36 жыл сенатор, 8 жыл вице-президент қызметін атқарды. Ұлықтау рәсімінде Президент ретінде ант беріп, АҚШ Конституциясын және елді ішкі және сыртқы жаулардан қорғауға серт етті. ҚазАқпарат бұл туралы «Голос Америки» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

21 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Елдің оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын күтіледі, жекелеген өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) қатты жауатыны болжанады. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталық пен шығыста көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті ретінде ресми тіркелді
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы 20 қаңтар күні «ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлаудың нәтижелері туралы» хаттаманы бекітті. Оған сәйкес, Қырғызстанда мерзімінен тыс Президент сайлауы өтті деп танылды. ҚазАқпарат бұл туралы «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай