
Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтуде
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеке медициналық орталықтағы операция кезінде жұмған Гүлдана Нұрмағанбетованың ісіне қатысты сот отырысы өтуде. Қылмыстық іс бір жылдан астам уақыт бойы тергелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында екі сүт фермасы іске қосылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша Қостанай облысында екі сүт-тауарлы ферма жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы күшін жойды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 301 қаулысының күші жойылды. Бұған өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» бағдарламасы: Қостанайда 700-ге жуық жұмыс орны ашылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаевқа сілтеме жасап.

Түркістан облысында 600-ге жуық той тарқатылып, қонақтар үйіне қайтарылған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 104 жұмысшы топ Жаңа жыл мерекесі қарсаңыңда карантин талаптарын қадағалауды күшейтпек. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері Нұрбек Нышанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус шаштың түсуіне алып келе ме - дәрігер пікірі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазір халық арасында коронавирустан кейін шаштың түсуі жиілейді деген пікірлер кездеседі. Осы орайда аталған тақырып төңірегіндегі сауалдарға бас терісі ауруларын емдеумен айналысатын трихолог дәрігер Делнұр Қамбарова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүрегі ауыратын адамдарға коронавирус қаншалықты қауіпті - дәрігер жауабы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медицина ғылымдарының және PhD докторы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология кафедрасының профессоры Сәуле Уразалина ҚазАқпарат тілшісіне КВИ инфекциясының жүрегі ауыратын адамдарға қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.

«Nur Otan»: Ақтөбеде 9 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының аудандарында тұрмыстық қатты қалдық полигоны салынады. Сонымен бірге қоқысты сұрыптау салуға арналған 2 мың контейнер орнатылады. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Евгений Лазарчук сайлаушылармен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында көрсеткіштер қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына қарай әр салада атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып жатыр. Ел экономикасының маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығына тиесілі екені белгілі. Биыл 11 айда ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 5,3 пайызға артып, 5,9 трлн теңгені құрады.

Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған жаңа босанған әйелді аман алып қалды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 17 желтоқсан күні жас босанған әйел ауыр халде перзентханадан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауыстырылған. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған, әрі өз бетінше демала алмаған науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміндегі өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингі жасалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингі шықты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында ведомсвтоның білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау: Алматыда мәслихат депутаттығына 118 үміткер таласады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова өңірлік коммуникация алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек министрлігі Жаңа жыл қарсаңында мүгедек балаларды құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ауыр сырқатқа шалдыққан 1105 балаға жаңа жылдық сыйлық жиынтығын сатып алуға қаражат жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай