
Қазақстанның энергетикалық балансы: электр қуатының тапшылығы және одан құтылу жолы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы туындайтынын айтты. Дегенмен, қазір де елде электр қуатының жетіспеушілігі сезіледі. ҚазАқпарат агенттігі оның неден пайда болғанын және елдегі энергетика балансына қалай қол жеткізуге болатынына шолу ұсынады.
Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 75-ші Канн фестивалінің бас жүлдесін Рубен Эстлундтің «Қайғы үшбұрышы» фильмі жеңіп алды. 2017 жылы швед режиссері «Квадрат» кинокартинасы үшін «Алтын пальма бұтағының» иегері атанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың ғарыш кемесі ұшуға дайындалып жатыр
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Экипажы үш тайконавтан (Қытайда ғарышкерлерді осылай атайды) тұратын «Шэньчжоу-14» басқарылатын ғарыш кемесі ҚХР-дың орбита станциясына аттанады, ол қазір ұшырылымға дайындалып жатыр. Бұл туралы басқарылатын ғарышқа ұшу бағдарламасының Қытай басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Қазақстан бітімгерлері 22 жылда қандай елдерге көмектесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын 29 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық бітімгерлер күні атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күні бітімгерлердің бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі бағаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпиондар лигасының финалы кезінде полиция 68 адамды ұстап әкетті
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сенбі күні Чемпиондар лигасының финалы кезінде және одан кейін Париж полициясы Франция астанасының Сен-Дени маңындағы «Стад де Франс» стадионында болған тәртіпсіздік кезінде әртүрлі тәртіп бұзғаны үшін 68 адамды қамауға алды. Бұл туралы L’equipe порталы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жылқылар мен сиырларға жарық шағылыстыратын баулар тағылады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік полиция қызметкерлері үй жануарларының кесірінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Самара-Шымкент тас жолы бойында шаруа қожалықтардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспана бағасы инфляцияға ілесіп отырады - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың қалада өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеуге деген ұмтылысын баспана нарығы қанағаттандыра алмай келе жатқанына біраз жылдың бедері болды. Бұл тұрғыда мемлекеттің ұстанып отырған саясаты тиімді ме? Құрылыс нарығының ойыншылары неге сұранысқа жалпақ жұрттың төлем қабілетіне сай келетін ұсыныспен жауап бермей отыр? ҚазАқпарат тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Маймыл шешегінің коронавирус секілді өршіп кетуі мүмкін бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем коронавирус пандемиясынан толық айықпай жатып, тағы бір індетке шалдықты. Өткен ғасырдың соңында Африкада пайда болған «маймыл шешегі» ауруы бүгінде әлемнің 16 еліне таралып үлгерді. Қазірдің өзінде 250-ден астам адам жұқтырған. Бұл мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Жалпы маймыл шешегі ауруы қалай таралады, белгілері қандай, қаншалықты қауіпті болуы мүмкін, сонымен қоса әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Қазақстанда дәрілік заттардың 90%-ына шекті бағалар былтырғы деңгейде сақталды - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 қаңтардан 21 сәуірге дейінгі «100 күн – 100 сұрақ» әлеуметтік жобасы аясында Денсаулық сақтау министрлігіне 1588 өтініш пен ұсыныс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан жаңа кен орындарын іздеу жұмыстарын жандандырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан пайдалы қазбалардың басым түрінің нақтыланған қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің алғашқы ондығына кіреді. Бірақ, қазіргідей жер қойнауын қарқынды игеру барысында таяу болашақтың өзінде олардың сарқылатыны анық. Ал ел экономикасы жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстарын жандандыра түсті. Осыған орай оқырман назарына саладағы проблемалар мен перспективаларға қатысты ҚазАқпараттың сараптамалық шолу материалын ұсынамыз.

Медициналық ұйымдар қосымша шығындарға ақы сұрамауы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пациенттер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) немесе Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) бойынша ұсынылатын медициналық көмек үшін қосымша ақы төлемеуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық бірқатар азамат ТҮРІКСОЙ-дың марапатына ие болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Достық» үйінде ТҮРІКСОЙ Халықаралық мәдениет ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бірқатар мәдениет және өнер қайраткерлерін, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2024 жылы ғарышқа қытайлық «Вэньчан» ғарыш айлағынан коммерциялық ұшырылымдар жоспарланған
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қытайдың Хайнань провинциясының билігі маусым айында ғарышқа тұрақты коммерциялық ұшырылымдарды ұйымдастыру үшін «Вэньчан» ғарыш айлағында ұшыру алаңдарының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Наньхайван» сайты жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай