
Қарапайым заттар экономикасы: Өтінішті қарау мерзімі қысқарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк «ҚазАгро» ҰБХ еншілес ұйымы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ және ЕДБ қорландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында егістік компаниясын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан коронавирус жұқтырған 3138 науқас тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 сәуір cағат 22:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді. оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 8, Алматы қаласында - 11,Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдегі қазақстандықтар call-орталықпен онлайн байланыса алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары енді 1414 бірыңғай байланыс орталығының операторымен онлайн-аудиожазба арқылы байланыса алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл ҰБТ барысын кез келген адам онлайн бақылай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл пилоттық негізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аудиторияларынан онлайн-трансляция жүргізілетін болады. Бұл туралы «ANTIKOR» орталығы алаңында өткен онлайн-диалог барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуе компаниялары жолаушыларды маскамен қамтамасыз ете ме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшатын әр жолаушы медициналық масканы өзі сатып алуы керек, себебі бір реттік масканың бағасы қолжетімді. Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ПТР тестті тапсыру бағасы әртүрлі - Сәдуақас Байғабылов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мен Алматыға ұшатын жолаушылар ПТР тестті мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда тапсыруларына болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай коронавируспен қалай күресті - Ухань дәрігерімен сұхбат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавируспен әлем жұртшылығының алдында ең бірінші болып бетпе-бет келген Қытай індетті еңсере алды. Өткен жексенбі күні осынау жұқпалы аурудың таралу ошағы болған Хубэй өлкесі Ухань қаласының ауруханаларында коронвирус инфекциясы бар бірде-бір пациент қалмады. 29 сәуірдегі деректерге сәйкес, індет басталған сәттен бері Уханьда вирус жұқтырудың 50 333 жағдайы тіркеліп, 3 869 адам қаза тапты. Соңғы үш тәулікте жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Ал соңғы сауыққан 12 пациент 26 сәуір күндері медициналық мекемелерден үйлеріне жіберілді.

Қазақстанның бірқатар өңірінде әуе рейстері жанданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды.
42 500 теңгені екінші айда алу үшін БЖТ-ны қайта төлеу қажет пе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші айда алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) тағы төлеуі тиіс пе? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –29 сәуір cағат 17:35-те эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 27 адам тіркелді. оның ішінде Маңғыстау облысында - 1, Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Қарағанды облысында - 3, Шымкент қаласында - 5,Алматы облысында - 8, Жамбыл облысында - 3,Батыс Қазақстан облысында - 3. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыда 15 мың адам 42500 теңгесін мемлекетке қайтарған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 15 мың адам 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақысын мемлекетке қайтарған. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жыл басынан бері 32 бюджетті жымқыру дерегі тіркелген
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында соңғы үш айда бюджетті жымқыру дерегімен 32 қылмыс тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай кезекті брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясы Алматыдағы медқызметкерлердің уақытша тұрып жатқан жерлерін бақылауға алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Nur Otan партиясының Алматы филиалы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің уақытша тұрып жатқан орындарын партиялық бақылауға алуды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай