
Алматыдағы коронавирусты емдеуге арналған инфекциялық аурухананың видеосы жарияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдейтін И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының видеосын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кентау қаласының полициясына жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары мал ұрлығы бойынша арызданады. Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, белгісіз адамдар жайылымнан оның 5 бас сиырын ұрлап кеткен, ал басқа ауыл тұрғыны болса, жылқысының ұрланғанын жеткізген, деп хабарлайды ҚАзАқпарат өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында биыл егіс алқабы ұлғайтылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында дәнді дақылдар, картоп және көкөністер көбірек өсіріле бастайды. Биылғы жылы егіс жұмыстары 2020 жылғы деңгейге қарағанда 40 мың гектарға көбейтілді, яғни 1057,7 мың га аумаққа егіледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Хорватиямен сейсмикаға төзімді құрылыстағы тәжірибесімен бөлісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шокбаров сейсмотехника жөніндегі 1-ші Хорват конференциясы шеңберінде Алматы қаласының ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық қауіпсіздігін сараптамалық бағалау туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада оқушылар төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төртінші тоқсаннан бастап өңірдегі жалпы білім беретін мектептердегі барлық сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Алайда сыныптағы бала саны 25 адамнан аспауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында коронавирусты анықтаудың аралас түрін енгізу ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа ұқсас ауруларға, атап айтқанда, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға ерекше назар аудару қажет. Барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың белсенді өсуі байқалатындықтан, Түркістан облысында ПТР тестілеумен қатар КВИ ауруларын диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Суэц каналы: Қайраңнан шығарылған жүк тасушы кеме каналды қайта бөгеп тастады
ЕГИПЕТ: ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні қайраңнан шығарылған Суэц каналындағы Ever Given контейнер тасымалдаушы кеме қатты желдің салдарынан жартылай бұрылып, қайтадан су жолында көлденеңдеп тұрып қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі куәгер мен канал әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Сенатта қолжетімді баспана беру мәселесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қашан да маңызды екені даусыз. Сондықтан Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен және «Отбасы банкінің» өкілдерімен Қазақстанның тұрғын үй саясатын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада коронавируспен ауырған 66 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Елордада коронавирустың өршуіне байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқан науқастар саны артты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда экологиялық нормаларға сәйкес келетін жүк көліктері ғана жүретін болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі мен Полиция департаменті бірлесіп ауыр жүк көліктерін, арнайы және құрылыс техникасын газ шығарындыларына тексеруді күшейтті. Бұл шаралар мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында қандай шектеу шаралары енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, COVID-19 тіркелуінің күрт өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан тарихына қатысты тарихи кітаптардың тұсаукесері өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш рет «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы жарыққа шықты, сонымен қатар «Диуани хикмет», «100 легенд», «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі», «Түркістанда жерленген қазақ билері» атты жаңа кітаптар баспадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне сілтеме жасап.

Коронавирустың жаңа штамдарының ерекшелігі қандай – сарапшы сипаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы Манар Смағұл коронавирустың жаңа штамдарының ерекшеліктері жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирусты қайта жұқтырған 10 науқас тіркелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте коронавирусты қайта жұқтыру деректері тіркелуде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай