
Қорғалжында көлге батып кеткен ер адам табылмай жатыр – Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қорғалжын ауданында құтқарушылар Арықты ауылындағы көлге батып кеткен 1969 жылғы ер адамды іздеп таппай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агроөнімдердің экспорты, шекті баға: Қазақстанда азық-түлікпен қамту қалай жүргізілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуінде бағаға мемлекеттік реттеу жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізбесін бекітуді тапсырды. Өңірлердің әрбір әкімі бірінші кезектегі сұранысқа ие тауарлардың бар-жоғын нақты есепке алуды жолға қоюы керек. Бірінші кезекте қажетті азық-түліктерге қатысты дүрбелеңге, байбаламға жол бермеу қажет. Өңірлердің әкімдері тауарлардың өңіраралық тасымалын бақылау және жергілікті тапшылықты болдырмау үшін өзара іс-қимылды ретке келтіруі тиіс. Жеткілікті қордың болуын қамтамасыз етіп, оларды сөрелерге жеткізу тетіктерін пысықтап, бағаның өсіп кетпеуін қатаң бақылап, алыпсатарлыққа жол бермеу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы МиГ-31 апаты: Авиация ардагері экипаж әрекетіне баға берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 16 сәуірде Қазақстан Әскери әуе күштерінің МиГ-31 жойғыш ұшағы Қарағанды қаласының маңында апатқа ұшырады. Бұған дейін бірнеше жүздеген сағат әуеде қалықтаған тәжірибелі 2 ұшқыш ұшақты құтқарып қалу мүмкін еместігіне көз жеткізгеннен кейін, катапульттенуге мәжбүр болды. Соның арқасында екеуі де аман қалды. Осы ретте, ұшақтың құлаған сәті таспаланған кадрды әлеуметтік желіден көрген Әскери әуе күштерінің ардагері, 30 жылдық өтілі бар әскери ұшқыш, запастағы полковник Ермек Сапаровты әңгімеге тартқан едік.

Инвесторларға қолдау жоқ: Сапарбаев Кәсіпкерлік басқармасының жұмысын сынады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жұмыс істеуге ниетті кәсіпорындарға басқарма мен жауапты құрылымдар тарапынан қолдау жоқ. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттық кеңес өткізіп, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жұмысына қатысты сын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәкістан Үкіметі Қазақстан Елшілігіне коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмекті табыстады
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат - Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Исламабадтағы Елшілігіне коронавирус індетін емдеу кезінде пайдаланылатын гидроксихлорохиннің 60 мың таблеткасын табыстады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

100 жастағы қария коронавирустен жазылып шықты - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Аршалы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне COVID-19 диагнозымен жатқызылған «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 27 қариясы жазылып шықты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Елордада 4 спорт кешені салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың тұрғын үй алаптарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жақын арада осындай тағы екі кешен салынады. Олар Нұр-Сұлтан қаласының әртүрлі ауданында орналасады. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда зейнеткерге пышақпен шабуыл жасалды– полиция түсінік берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұзақы зейнеткерге пышақпен шабуыл жасады. Оны Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының əскери қызметшілері құтқарды. Осы оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да шенеунік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс алды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әдеп нормаларын бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 сәуірдің cағат 17:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 2,Ақмола облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1,Маңғыстау облысында - 1, Алматы қаласында - 10,Ақтөбе облысында - 4, Алматы облысында - 12, Қызылорда облысында - 3,Қарағанды обылсында - 3.Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде ПТР-тест өндірісі тәулігіне 28 мың данаға жеткізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың мамыр айының ортасында коронавирус инфекциясы бойынша ПТР-тестілеу көлемінің өндірісі тәулігіне 28 мыңға дейін өседі. Бұл туралы Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Birgemiz» қоры тағы 30 мың отбасыға ақшалай көмек көрсетпек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Birgemiz» қоры бүгін-ертең тағы 30 мың мұқтаж отбасыға 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек аударады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда жеке қорғаныс құралдары қаншалықты жеткілікті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус індетінен қорғайтын жеке қорғаныс құралдары қаншалықты жеткілікті? Бұл сұраққа Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан COVID-19 вакцинасының 4 нұсқасын сынақтан өткізуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –COVID-19 вакцинасының 4 нұсқасын сынақтан өткізуде. Бұл туралы Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл ел» жастары Премьерге үндеу жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге үндеу жолдап, мемлекеттік маңызы бар жолдар мен тұрғын үйлердің құрылысына қатысуға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға келген «Теңізшевройл» қызметкерінен коронавирус табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға арнайы бортпен кеше келген «Теңізшевройл» ЖШС жұмыскерінен коронавирус табылды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай