
Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берген үш тұрғын жазаланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының үш тұрғыны мемлекеттік қызметшілерге сыйлық бергені үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 25 мыңға жуық жұмыс орны құрылады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен аппарат мәжілісі өтіп, онда облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батырхан Шүкенов әндерінің домбырамен сүйемелденген кавері жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біртуар әнші Батырхан Шүкеновтың өмірден өткеніне 28 сәуірде бес жыл толады. Осыған байланысты елордадағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі әншінің шығармаларының домбырамен сүйемелденген кавер нұсқасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дариға Назарбаева: Өңдеу өнеркәсібіне баса назар аударылуы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде қазақстандық бизнесті қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Короновирус жұқтырғанымды білгенде қатты жыладым: Канададан келген студент қыздың сұхбаты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық Айкөркем Кусесова коронавирус пандемиясына байланысты білім алып жатқан Канаданың Ванкувер қаласынан елге оралды. Атырауға ұшып келген бойда өзгелермен бірге оқшауландырылып, кейін одан індет анықталды. Диагнозды алғаш естіген бойдағы әсіре, ауруханадағы күндер, дәрігерлердің ем-домы мен коронавирустан жазылып шыққаннан кейінгі көңіл-күйі туралы Айкөркем ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Видео сабақ дайындаған мұғалімдерге сыйақы беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайға қарамастан бізге көмектесіп, видео сабақ дайындауға көмектесіп жатқан 80-90 мұғалім бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр: 4-курс студенттері міндетті түрде диплом қорғайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1, 2, 3-курс студенттерінің сессиясына қатысты әр ЖОО өзі шешім қабылдауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда экспорттаушыларды қолдайтын арнайы бағдарлама іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда экспортқа негізделген кәсіпорынлдарға қолдау көрсететін арнайы бағдарлама іске қосылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлар жүйе құраушы кәсіпорындардың тізімі бойынша ұсыныстар әзірлеуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде қазақстандық бизнесті қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 мамырдан кейін оқушылар қалай оқиды – министр жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмыс істеуін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Ақшолақов: Қазір медицина алдындағы мақсат – індеттен шығу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір бүкіл күш пен ойды індетке қарсы жұмылдырып, халыққа дұрыс ақпарат жеткізу керек. Елде өршіген індетке қатысты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов осылай деп пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЕАЭО аясында техникалық реттеу тәртіптері қалай жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЕАЭО-ның техникалық регламенттерге қатысты өзара байланысты стандарттардың тізімі бар. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19: Қырғызстанда жүк тасымалдауға талап күшейтілді
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстан Республикасының аумағына кіретін жүк тасымалдаушыларды COVID-19-ға тексеру шаралары күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Республикалық жедел штабтың отырысында айтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 сәуір cағат 18:05-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы қаласында - 28, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Жамбыл облысында - 1,Түркістан облысында - 4, Алматы облысында - 3. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Сәрсенбай Еңсегенов: Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі нақтыланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы пысықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Карантинде тіс емханалары қалай жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев тіс емханаларының карантиндегі жұмыс тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай: Қазақстандықтарға аулада қыдыруға, саяжайға баруға рұқсат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлік әкімдерге аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпорындардың тізімі бекітілді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай