
«Қазақ радиосының» ғасырлық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт арнады. «Qazaqstan» ОКЗ камералық залында өткен концерт екі үлкен ұйымның ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайта түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға маманды таңдау мүмкіндігі берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алдағы уақытта әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметкерді таңдау мүмкіндігі берілмек. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚР-да әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстан Үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізу үшін қытайлық препарат сатып алатыны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарифтің қымбаттауы: Қазақстанда жылу жеткізуші компаниялар тексеріле бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті азаматтардан келіп түскен шағымдардан кейін елдің бірқатар өңірінде жылу энергиясын жеткізетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексеру бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ Нидерландыға ұшатын Қазақстан азаматтарына ақпарат таратты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылғы 23 қаңтардан бастап аталмыш елге кірудің бақылау шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнетақы жинағын жеке компанияның басқаруына қалай беруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шектен асқан қаражатты жеке компанияның басқаруына зейнет жасына жетпеген азаматтар бере алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нариман Табынбаев пен Жандарбек Бекшин қандай вакцина салдыратынын айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қандай вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зейнетақы жинағын пайдалану: Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан басқарушы қорға берілген қаражаттан табыс салығы алына ма? Бұл сауалға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистикамен ешкім ойнап отырған жоқ – Шоранов індет жұқтырғандар жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлерде коронавирусты жұқтыру статистикасын әдейі бұрмалау жағдайы тіркелді ме? Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тілшілердің бұл сұрағы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановқа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцина салдырған Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай? Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тілшілердің бұл сұрағына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапониялық роботтар COVID-19-бен күресу үшін Кенияға әкелінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эпидемияға қарсы роботтар» деген атқа ие болған үш ақылды машина БҰҰ-ның Жапониямен серіктестікте даму бағдарламасы аясында COVID-19-бен күресу үшін Кения үкіметіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың алғашқы кезеңі мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 13 мың жолаушы келген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Алматыға шетелден 13 мыңнан астам адам ПТР тестісіз келді. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаңтар айының карантин шараларын сақтау бойынша 332 рейд жүргізілген. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина: Екпе алғандарда қандай реакция байқалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QazCovid-іn қазақстандық вакцинасын бірінші кезеңде шамамен 2 млн доза көлемінде өндіру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай