
Отандық IT-мамандар қазақстандықтарға ТЖ кезінде қалай көмектесуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде отандық IT-компаниялар коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, қашықтан оқыту және басқа да бағыттарда 50-ден астам әзірлеме жасап, кейбірін жетілдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Қордай ауданында ауқымды құрылыс жұмыстары басталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарына 20,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 46 жоба бойынша мердігерлер анықталған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы облысында 6 айлық баладан коронавирус анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырудың тағы 11 жағдайы тіркелді. Олардың 10-ы – Іле, 1-еуі – Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылған пәтердегі өрт темекіден тұтануы мүмкін - ТЖД
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылған пәтер өртіне темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Бұл жөнінде Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Испания серуендеуге және жүгіруге рұқсат бермек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испания Премьер-Министрі Педро Санчес сенбі күні кешкісін өткен баспасөз мәслихаты барысында коронавирус жұқтыру жағдайының көрсеткіші төмендейтін болса, испандықтарға 2 мамырдан бастап серуендеуге, жаттығу жасауға немесе жүгіруге шығуға рұқсат берілетіндігін мәлімдеді.

Қазақстанда апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Алматы қалалық және Атырау облыстық соттарының төрағалары тағайындалды. Сондай-ақ бірқатар министрліктерде, облыс әкімдіктерінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу ұсынады.

Нариман Мұқышев әлеуметтік желілердегі сауалдарға неге жауап бермейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты әлеуметтік желілерде атына түскен сауалдардың барлығына бірдей неліктен жауап бере алмайтындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай