
Таразда жыр алыбы Жамбылға арналған республикалық айтыс мәресіне жетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өткен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы қаңтарда 2020 жылғы қаңтарға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 94,2 пайызды құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 60 пайыздан асамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделед, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша ілкі жоба жоба жүзеге асырыла бастайды. Мұндай құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласы әуежайынан жақында алғашқы халықаралық рейстер орындала бастайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық әуе компаниялары Түркістан қаласының әуежайынан халықаралық рейстер ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Көкшетауда мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Әріптестік пен дамудың 30 жылы – Ақмола облысының мемлекеттік органдары және азаматтық қоғамның әріптестігі» тақырыбында мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наманганнан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Түркі әлемінде ислам дінінің кең таралуына ерекше леп беріп, сопылық негіздерінің дәнін еккен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды.

Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – «АрселоМиталл Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірнеше мемлекеттік орган тексереді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде митингіге шақыру: ҚР Бас прокуратурасы үндеу жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруы таралуына байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына үндеудің толық мәтінін ұсынады.

Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова видеода мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің куәлігін көрсеткен ер адамға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі деп таныстырған бірқатар алаяқ ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға офицері Динара Құлымбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мембағдарламалар бойынша салынған тұрғын үй бағасы қымбаттай ма
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат— Қазақстандағы баспана бағасының қымбаттауына не себеп және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған баспана бағасы көтеріле ме? Халықтың көкейінде жүрген сұраққа «Отбасы банк» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бұл туралы брифингіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай