
СҚО-да департамент басшысы мас күйінде аялдамада ұйықтап қалған
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңес Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департамент басшысы Абай Балабековке қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эльвира Әзімова: Президент тапсырмасы барлық өңірде бірдей орындалып жатқан жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Мемлекет басшысының қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жазасын жеңілдету туралы тапсырмасының кей өңірде орындалмай жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ жастар жұмысқа қалай орналаспақ – сарапшы кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жыл сайын университет және колледжден жүздеген түлек қанат қағады. Оларға ортақ мәселе, мамандығы мен қалауына сәйкес жұмыс табу. Осы орайда жұмыссыз жас мамандар не істеу керек? Қайда жүгінген жөн? Аталған мәселеге қатысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев кеңесін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар трагедиясының ресми хронологиясы деректі фильмге арқау болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасы қаңтар оқиғасына қатысты Бас Прокуратура мен Ішкі істер министрлігі таратқан ресми мәліметтердің және түрлі видеолардың басын құрап, деректі фильм ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда оқу бітірген жастардың жұмыс таба алмауының себебі неде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жас мамандардың жұмысқа орналасу деңгейі қандай және олардың уақытылы жұмысқа орналаспауының себебі неде? Аталған сұрақтарға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыға бірдей декларация: 2022 жылғы форманың айырмашылығы қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева 2022 жылы жеке тұлғалар үшін декларациялаудың өткен жылдан айырмашылығы неде екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл кәсіпкерлеріне субсидия берерде нақты міндеттер қою қажет – Құмар Ақсақалов
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының алқа отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов субсидия алушыларға жақында қарсы міндеттемелер қойылатынын айтты. Ұсыныстар қазір Парламентте талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының су айдындарында балықтарды қысқы аяздан сақтау амалдары жүргізілуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлары аязға қарсы іс-шаралар өткізуде. Олар аймақтың су қоймаларын аралап, балықтардың қыстауына көмектесу үшін ұңғымалар бұрғылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роман Скляр неміс компанияларының басшыларымен онлайн-келіссөз жүргізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Германияның ірі компанияларының басшыларымен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
ЕАДБ 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына 3, 9 млрд доллар инвестиция салуға ниетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерді, өңдеу өнеркәсібін, қалалар инфрақұрылымын және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар бойынша Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастыққа мүдделі, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды»
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазнетте SinoVac шығарған CoronaVac вакцинасы SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон нұсқасына қарсы қорғанысты қамтамасыз етпейді деген қорытынды шығарылған жақында жүргізілген зерттеу туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпаратта манипуляция белгілері бар. Неге екенін түсіндіріп өтейік, деп жазады stopfake.kz.

Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақтың жалпы мәселелер жөніндегі кеңесі COVID-19 пандемиясы жағдайында ЕО тұрғындарының жүріп-тұру шаралары туралы жаңартылған ұсыным қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпаоат меншікті тілшісі.

«Қазақстан халқына» қорына 42 млрд теңгеден астам қаржы түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына 2022 жылғы 16-25 қаңтар аралығында 65 703 қазақстандықтан 39,1 млн теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 42.1 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Бейжің-2022: Әр спортшының арманы жеңіс тұғырынан көріну - Кенжеш Сәрсекенова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтануға жақын. Осы орайда Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова ҚазАқпарат тілшісіне шағын сұхбат берді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай