
Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жеңіс Қасымбекке Жезқазған, Сәтбаев қалаларын дамыту жоспары баяндалды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары көмекке жүгіне алатын мекемелер саны артады. Биыл Жезқазғанда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да коронавирус жұқтыру деңгейі өткен жылдың шарықтау шегіне жақындады
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру деңгейі өткен жылдың шарықтау шегіне жақындады. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды – Жезқазған» пойызы күн сайын қатынай бастады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 25 қаңтардан бастап Қарағанды - Жезқазған бағытындағы пойыз күн сайын қатынай бастады. Бұл шешім Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Ұлытау, Абай, Жаңаарқа және Шет аудандары тұрғындарының өтініші бойынша қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейден «Қазақстан кубогы» алғаш рет үш қалада өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «PARIMATCH – Хоккейден «Қазақстан кубогы» елдің үш қаласында өтеді. Турнир Қарағанды, Көкшетау және Павлодар қалаларында болады, деп хабарлайды SPORTINFORM Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармацияның» қоймасын тексерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» логистикалық хабына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір экономиканы COVID-19 дағдарысына дейінгі қалпына келтіру міндеті тұр – Әсел Әбенова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта ұлттық экономиканы COVID-19 дағдарысына дейінгі қалыпқа келтіру міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Алматы қаласы өкілдігінің басшысы, экономика ғылымдарының PhD докторы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет болды – Әділет министрлігінің жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет болды? Бұл сұраққа Әділет министрлігінің сарапшылық жұмысын ұйымдастыру департаменте қарасты Сот сараптамалары орталығының жұмысын бақылау басқармасының басшысы Темірболат Қожамжаров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алдағы жылдары Ұлттық банк жұмысында қандай өзгеріс болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк 2023 жылдан бастап экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңімен шығады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтап шықты. Оған бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Бүгін Судья Жанат Егембердиева жаңа үкімді оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның 4 өңірінде туризмді дамыту әлеуеті зерттелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы агротуризмді дамытуға қатысты зерттеу жұмыстары өзге облыстарда жалғасын табады. Бұл туралы елордада өткен агротуризм мен қолөнерді насихаттауға арналған кездесуде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай