
Сайлау: Елордалықтар өз сайлау учаскесін қалай біле алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Белсенді сайлау құқығына ие, сайлау күні 18 жасқа толған ел азаматтары өз таңдауын жасай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көбейтұз, кесілген ағаштар және қоқыс жинау – Нұр-Сұлтанда экологиялық ертегілер жинағы жарық көрді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда «Гринэйктер хикаясы» атты экологиялық ертегілер жинағы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторына сілтеме жасап.

Қазақстанға Ресейден ПТР анықтамасыз келген 22 азамат еліне қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат депортацияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Алматы-Талдықорған тасжолының бойында қызмет көрсету кешені ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Талдықорған тасжолының 20-шы шақырымында жол бойындағы қызмет көрсетудің заманауи COMPASS Comfort кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telagram каналына сілтеме жасап.

Елордалық газ сатушылардың өзара келісіп баға белгілеу фактісі тіркелді – департамент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада газ сатушылардың өзара келісіп, баға белгілеу фактісі тіркелген. Осыған байланысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тиісті шара қабылдағалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада қоғамдық тамақтану орындары қалай жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында қоғамдық тамақтану орындары қалай жұмыс істейтін болады? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлнәр Қалиева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Симптомсыз коронавирус қаншалықты қауіпті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Супертасымалдаушылар» немесе «супердистрибьюторлар» дәрігерлер коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған адамдарды осылай атайды. Бұл туралы Алматы қалалық ауруханасының бөлім басшысы Руслан Иминджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы:«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді шешеді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Елімізде партиялар арасындағы сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Жер-жерлерде халықпен кездесулер өткізілуде. Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Елімізде тұңғыш рет қолданысқа енгізілген праймеризден бастау алған саяси науқан да аяғына тақап келеді. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғыны, белгілі профессор Сейдолла Садықовпен сұхбаттасып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы ойын білген едік.

Nur Otan: Ақтөбе қаласының жаңа шағын аудандарында емхана салынады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының Нұр Ақтөбе, Батыс-2 ықшамаудандарында емдеу мекемелері салынады. Аурухана мен емханалардағы кадр сұранысын қамту үшін жоғары оқу орнын бітірген жастарға көтермеақы беріліп, еліміз бойынша жалақы 2,5 есеге артады. Коммуналдық мекеме қызметкерлерімен кездескен «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қайрат Сабыр мен Сәуле Өмірбекова медицина мен білім саласындағы сайлауалды бағдарлама міндеттерін айтып берді.

Головкинмен трилогия, әлде Мейвезермен реванш: «Канело» таңдау жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен трилогия ма, әлде кіші-Флойд Мейвезермен реванш па? Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қай жекпе-жекті қалайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды мектебі ел Президентінен сыйлық алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы №104 мектеп-гимназиясы Жаңа жылқарсаңында Қазақстан Президентінің атынан сыйлық алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жаңа оқу орнына келген болатын. Сол кезде оқушылар мектеп автобусы болса деген ниетін білдірген еді. Енді міне олардың арманы орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 әскери қаза болған ұшақ апаты: Оқиға орнына мемориалды тақта орнатылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Осыдан 8 жыл бұрын 25 желтоқсан күні Түркістан облысында ұшақ апатынан 27 әскери қызметші қаза болған еді. Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің барлық аумақтық бөлімшелерінде әріптестерін еске алуға арналған шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай