
Ұлыбритания «Челси» футбол клубын сатуға рұқсат берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Челси» футбол клубы Ұлыбритания билігінен клубты сатуға рұқсат ететін лицензия алды. Енді келісімді Еуропалық Одақ пен Португалия мақұлдауы керек. Өйткені клубтың қазіргі иесі Роман Абрамович осы елдің азаматы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Референдумға оннан астам халықаралық ұйым аккредиттелді – СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусымда өтетін референдумға оннан астам халықаралық ұйым өз бақылаушыларын аккредиттеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облыстық департаментіне жаңа басшы келді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мақсат Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО Ақпараттандыру, мемқызметтер және архивтер басқармасының басшысы ауысты
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Нұрлан Нұрсұлтан Батыс Қазақстан облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде бірқатар салада салық салуға қатысты өзгерістер болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында үш заң жобасы қаралды. Осы орайда палата депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

31 үй өртеніп, 2 адам қаза болды – ШҚО-да айыпты ер адамға үкім шықты
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 30-дан астам тұрғын үй мен 276,4 гектар жердің өртенуіне кінәлі ер адам бас бостандығынан айырылып, одан 125 млн теңге шығын өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында құжатсыз көлік айдаған түлектер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік айдап жүрген 3 мектеп бітіруші ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балаларына 5 млн теңге алимент төлемеген әке бір жылға сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі баласына бес жыл алимент төлемей жүрген 32 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Русланбек Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Аудитор бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен - Антикор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман-мемлекеттік аудиторына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденге Техас штатындағы бастауыш мектепте атыс салдарынан оқушылар мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

22 мың әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға икемді етіп жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Кедергісіз келешек» жобасының аясында 2025 жылға дейін 22 мың әлеуметтік нысанның тізбесі жасалып, мүгедектігі бар адамдарға қолайлы етіп жарақталуы керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай меже қойып отыр. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті.

Қазақстанда күш құрылым қызметкерлері ақылы жолдарда тегін жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы жолдарда тегін жүру нормасы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен күш құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерге қатысты болады. Бұл туралы көлік мәселелеріне арналған заң жобасын түсіндіру кезінде Мәжіліс депутаты Альберт Рау айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада түрмеден шыққандарға ақшалай көмек берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарға 47,7 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай