
Шенеуніктердің әрекеті үшін балалар жазаланбауы керек – Аружан Саин тегін үйірме туралы
НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тегін үйірмелер мен секциялардағы жалған тізімдер туралы пікір білдірді және мемлекеттік органдарды мәселені бірлесіп шешуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккейден әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсіп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсіп қалды. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары алмастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚШҰ қорғаныс министрлері қауіп-қатерлерге жауап беру тетіктерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер мен оларға жауап беру мәселелерін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Халық кредитіне рақымшылық жасалды» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалғаны және халықтың қарыздары есептен шығарылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім министрлігі 9, 11-сынып оқушыларының емтихан тапсыру тәртібін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев 9, 11 сынып оқушылары қай күндері емтихан тапсыратындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң мәселені шеше ала ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарапшылар елімізде кредит алғандар мен оны өтей алмай жатқандар саны өскенін айтып жүр. Бұл тұрғыда жақында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасының өзектілігі артып отыр.

Онда сізге қатысты ақпарат бар – Бағдат Мусин паспорттағы чипке түсінік берді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қазақстан паспортындағы чип құжаттың халықаралық стандартқа сай екенін білдіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы білім басқармасы ата-аналарға мектеп бітіру кешіне қатысты үндеу жасады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең орта білім беретін барлық ұйымдарда оқу жылы аяқталады. 26 мамырдан бастап 9, 11-сынып оқушылары емтихандарын тапсырады. Ал қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қалалық Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекараны нығайту шаралары туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда ҰБТ-ның алғашқы аптасында 9 түлектің нәтижесі жойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған алғашқы аптада ереже бұзудың 9 фактісі анықталып, тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдум кезінде онлайн дауыс беру қарастырылмаған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. Бірақ бұл мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банктер клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық тарапынан ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныстың өсуі кепілзаттық және кепілсіз кредиттер бойынша сұраныстың өсуіне әсер етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну көлемі 56 пайызға өседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 20 жылда елдегі су тұтыну мөлшері 56 пайызға ұлаюы мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында егіс суару маусымына дайындық шаралары талқыланған болатын. Отырыстан кейін екі бірдей министрдің аузынан Балқаш көлінің келешегіне қатысты маңызды мәліметтер айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

600 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының көмегімен баспана мәселесін шешті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 273 мыңнан астам азаматы зейнетақы қорындағы жинақты қолдана отырып баспана сатып алды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк операторларына клиенттердің деректер базасы жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда келісім базасы жасалды. Енді соның арқасында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктердің операторларына клиенттің жеке деректері смс-код арқылы растау жіберілгеннен кейін ғана қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобильдік қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз – Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мобильдік сервистер мен қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰБТ басталғаннан бері 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Оның ішінде түлектердің 71,2% – ы қазақ тілінде, 28,7% – ы орыс тілінде, 0,09% - ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Микроқаржы ұйымдары биометрияны қолданады - Бағдат Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін микроқаржы ұйымдары биометрияны қолдануға мәжбүр болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай